Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр

18.06.2025, 10:47
248
Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр SMARTNEWS.KZ коллажы

Кей елдер бұл заңға қарсы шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Еуропалық комиссия 2027 жылға дейін Ресейден мұнай мен газ импортына толықтай шектеу қоюды көздейтін жаңа заң жобасын жариялады. Бұл бастама REpowerEU бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Аталған жоспар атом энергетикасына қатысы жоқ — бұл сала бөлек қаралатын болады.

Қатаң мерзім мен нақты стратегиялар

Құжатта ресейлік газға жаңа келісімшарттар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап тыйым салынады делінген. Қолданыстағы қысқа мерзімді келісімдер 2026 жылдың 17 маусымына дейін тоқтатылуы тиіс. Теңізге шыға алмайтын кейбір елдер үшін ұзақ мерзімді келісімдер 2027 жылдың соңына дейін жарамды болып қала береді.

Сондай-ақ Ресеймен байланысты компаниялардың ЕО аумағындағы сұйытылған табиғи газ (LNG) терминалдарында жұмыс істеуіне тыйым салынады. Бұл шешім балама жеткізушілерге жол ашу мақсатында қабылдануда.

Диверсификация жоспарлары міндеттеледі

Барлық ЕО елдері Ресей энергиясынан бас тарту жолдарын нақты көрсететін ұлттық жоспарлар ұсынуы тиіс болады.

Кей елдер қарсы шықты

Дүйсенбі күні өткен ЕО энергетика министрлерінің кездесуінде Венгрия мен Словакия бұл ұсынысқа қарсы пікір білдірді. Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто бұл қадам ұлттық энергетикалық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп мәлімдеді.

Дания – алға жылжуға мүдделі

1 шілдеден бастап ЕО Кеңесіне төрағалық ететін Дания үкіметі заң жобасын тезірек саяси мақұлдатуға ниетті. Елдің климат және энергетика министрі Ларс Аагаард бұл құжатты Жаңа жылға дейін бекіту — үлкен жетістік болатынын айтты.

Жоба алдымен Еуропарламент пен ЕО Кеңесінде қаралып, кейін трилог форматындағы келіссөздерге өтеді. Кеңесте заң қабылдануы үшін ЕО елдерінің кемінде 15 мемлекеті және халықтың 65%-ын қамтитын елдер қолдауы қажет. Ал Еуропарламентте жай көпшілік дауыспен бекітіледі.

«Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты «Жаппай Каспийге бет алды»: Израиль шабуылынан кейін мыңдаған адам Ираннан қашуда Өңірлерде өрт қаупі жоғары Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды