SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда әйел кассирге қол көтерген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Оқиға 13 мамыр күні түнгі сағат 02:31 шамасында қаладағы «Ақсу» азық-түлік дүкенінде болған.
Сот мәліметінше, мас күйде болған ер адам дүкен қызметкері — кассир әйелдің бетінің оң жағына жұдырықпен ұрған. Себебі — оған сыра сатудан бас тартылғаны және туындаған жанжал.
Дүкенші, куәгерлер және бейнебақылау жазбалары оның кінәсін толық дәлелдеді. Ер адам өз кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған.
Бірақ сот ешқандай жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайлар болмағанын ескеріп, ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.