«Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты

18.06.2025, 12:50
1119
«Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Saeed Jaras / Keystone Press Agency / Global Look Press

Оларға Израиль әскерилері оқ жаудырған көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Газа секторында гуманитарлық көмек күткен палестиналықтар оққа ұшты.

Газа секторындағы Хан-Юнис қаласында гуманитарлық көмек күтіп тұрған бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдан кемінде 51 палестиналық қаза тауып, 200-ден астамы жарақат алды. Бұл туралы Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, алдымен Израиль әскери әуе күштері жақын маңдағы үйді бомбалаған. Кейін сол маңда көмек алу үшін жиналған адамдарға оқ атылған.

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) мәлімдеме жасап, әскерилер гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігінің маңында адамдар көп жиналғанын байқағанын жеткізді. Әскер бұл жағдайды "қауіпті топ шоғырланды" деп бағалаған.

Болжам бойынша, шабуыл Израиль мен АҚШ қолдауымен құрылған жаңа гуманитарлық көмек жүйесінетікелей қатысы жоқ. Бұл жүйені жеке компания – Гуманитарлық қор басқарып отыр. Оның мақсаты – ХАМАС қозғалысының гуманитарлық жүктен пайда табуына жол бермеу.

Айта кетейік, БҰҰ сарапшылары Газа секторында ашаршылық қаупі артып келе жатқанын ескертіп отыр. Секторда шамамен 2 миллионға жуық адам тұрады, олардың дені азық-түлік пен медициналық көмектен қатты тарығып отыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды