«Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді

Азиз Қалижан Редактор
18.06.2025, 13:31
945
«Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді бейнежазбадан

«Қайырымды» блогер көше сыпырып жүрген әйелдерге жекіп барып, 5000 теңге берген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде көше сыпырып жүрген әйелдерге дөрекілік көрсеткен блогерлердің видеосы таралып, қоғамда қызу талқы туғызды. Көпшілік бұл әрекетті «көңілді әзіл емес, қорлау» деп бағалап отыр.

Бейнежазбадан жүкті әйел мен ер адамның көше тазалап жүрген әйелдерге дауыс көтеріп, киімін «ластап тастадыңдар» деп айыптап, қоқыс лақтырған сәті көрінеді. Бір тазалықшы әйел блогерлердің сөздерінен кейін жылап жібереді. Оған әріптесі араша түсіп, былай дейді:

«Сендердің аналарың жоқ па өзі?»

Алайда ер адам керісінше, «біз ақша төлейміз, сондықтан осындай істерге шыдасын» деп, тіпті тағы да қоқыс лақтырған. Видео соңында бір жас қыз келіп, бұл «әзіл» екенін айтып, көше тазалаушыларға 5000 теңгеден «сыйлық» береді.

Видео TikTok және Instagram желілерінде 900 мыңнан астам қаралым жинады. Алайда көпшілік ондағы әрекетті айыптап, пікірлерде ашық сын айтып жатыр.

Әлеуметтік желі қолданушылары видео авторларын қоғам алдында кешірім сұрауға және заң алдында жауап беруге шақырды:

«Бұл пранк емес, нағыз моральдық қысым!», «Жылаған адамнан кейін 5 мың теңге ұстатып, бәрі жақсы дегені — ең сорақы әрекет қой!», «Хайп үшін кісі өлтіруге дейін баруға дайын сияқты...» - дейді жұрт.

Қолданушылардың көбі бұл видеоны егде жастағы әйелдерді қорлау ретінде бағалап, блогерлерге заңды шара қолдануды талап етуде.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады