Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты

18.06.2025, 16:16
248
Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты

Сотталғандардың туыстары Қаржаубайды соттауды талап етіп, Тоқаевтан көмек сұраған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмағанын растады.

Бүгін Мәжілісте өткен жиында журналистер министрден Қаржаубай Нұрымовқа қатысты тергеу басталғаны жөніндегі қауесетке қатысты нақты жауап сұрады.

— Жалпы, бұл жөнінде ресми сауал жіберіңіздер. Бірақ бірден айтайын: Қаржаубайға қатысты қазір қылмыстық іс жоқ, — деді Ержан Саденов.

Еске салайық, бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев те Шерзат Полат ісіне қатысты сот процесі жайлы пікір білдірген болатын.

3 маусымда соттағы жарыссөз кезеңінде айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев өз сөзінде Шерзаттың өліміне Қаржаубай Нұрымовты күдікті деп тануды сұраған. Алайда 5 маусым күні Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық соты бұл іс бойынша үкім шығарды.

Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл істің аясында Қаржаубай Нұрымовтың аты жиі аталып жүргенімен, қазіргі таңда оған қатысты тергеу жүріп жатпағаны ресми түрде нақтыланды.

Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты «Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты «Жаппай Каспийге бет алды»: Израиль шабуылынан кейін мыңдаған адам Ираннан қашуда Өңірлерде өрт қаупі жоғары Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті