Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды

Аиса Махамбет Редактор
18.06.2025, 19:29
1379
Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды әлеуметтік желі

Әйел ауруханаға жеткізілген соң көз жұмған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысы Қамысты ауданының тұрғыны мысық тістеп алғаннан кейін, құтырма белгілерімен Лисаков қалалық ауруханасына жеткізіліп, кейін көз жұмды. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың мамыр айында болған. Марқұмды өз үйіндегі мысық тістеген. Эпидемиологиялық тергеу барысында жануардың кейін жоғалып кеткені анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен әйел алғашқы кезде медициналық көмекке жүгінбеген және алдын алу екпесін алмаған. Тек аурудың клиникалық белгілері біліне бастағанда ғана ауруханаға барған. Алайда тым кеш болған.

Облыста 2020 жылдан бері алғаш рет адам өлімімен аяқталған құтырма дерегі тіркеліп отыр.

Санитарлық қызмет өкілдері жануарлар тістеп немесе тырнап алған жағдайда, дереу медициналық көмекке жүгініп, профилактикалық вакцина салдыруды ескертеді. Құтырма — аса қауіпті жұқпалы ауру, дер кезінде емделмесе, өліммен аяқталуы мүмкін.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды