SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша,Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша тергеудің аяқталғанын хабарлады. Іс 2025 жылдың 18 маусымында прокуратураға жолданды.
Тергеу барысында келтірілген залал сомасы – 3,5 миллиард теңге деп көрсетілген. Сондай-ақ, алаяқтық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған 865 миллион теңге көлеміндегі мүлікке тұтқын салынған.
Агенттік мәліметінше, тараптар 109 томнан тұратын іс материалдарымен 19 наурызда таныса бастаған. 2025 жылғы 28 мамырда Перизат Қайратқа ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) және 218-бабы (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру) бойынша ресми түрде айып тағылған.
Қазіргі таңда іс айыптау актісін бекіту үшін Бас прокуратураның қарауына берілді. Алдағы уақытта сот процесі басталады деп күтілуде.