995

Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды

Ер адам қызды құтқармақ болып, өзі де мерт болды.

Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды
скрин Максим Кузин YouTube-арнасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында 9 жастағы қыз бен оны құтқармақ болған 38 жастағы ер адам қаза тапты.

Қайғылы оқиға 17 маусым күні Байғанин ауданы Жарлы ауылында болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қыз бала тереңдігі 10 метрлік шұңқырға құлап кеткен. Шұңқырдың ішінде қоқыс қалдықтары болған.

Қыз баланы құтқармақ болған Нұрбол Б. есімді 38 жастағы спортшы дереу шұңқырға түскен. Алайда, ол да сыртқа шыға алмай қалған.

Жергілікті тұрғындар хабар берген соң, оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар екеуін де ес-түссіз күйде алып шыққан. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсеткенімен, қыз бен ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Қазір оқиғаға қатысты тиісті тексеріс жүргізілуде.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор