965

«Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады

Қазақстандықтарға депортация қаупі жоқ дейді Саясат Нұрбек.

«Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады
gov.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық студенттерге қатысты жақсы жаңалықпен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 19 маусым күні Сенат отырысында бөлісті. Министрдің айтуынша, АҚШ сотының шешімімен шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салу кейінге қалдырылды.

"Қазіргі уақытта Гарвардта оқып жатқан Қазақстан азаматтарына депортация немесе виза мәртебесінен айырылу қаупі жоқ. АҚШ Мемлекеттік департаменті виза беру процесін қайта бастайтынын ресми түрде растады, алайда бір шартпен: енді өтініш берушілердің әлеуметтік желідегі белсенділігі тексеріледі", — деді Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, енді виза алуға өтініш берген шетелдік студенттердің саяси ұстанымдары, АҚШ-тың ресми саясатына деген көзқарастары, тіпті әлеуметтік желідегі жазбалары назарға алынады.

Осыған байланысты Саясат Нұрбек визаға өтініш беретін азаматтарға мынадай кеңес берді:

Әлеуметтік желілердегі жазбаларына мұқият болу

АҚШ-тың саяси, идеологиялық мәселелеріне қатысты пікір білдірген жазбаларды өшіру немесе қайта қарау

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та шетелдік студенттерге, әсіресе Таяу Шығыстағы қақтығыстар мен Палестинаны қолдауға қатысты көзқарастар білдіргендерге виза беруден бас тарту жағдайлары тіркелген. Гарвард университетінде білім алатын кейбір студенттер де осындай қауіпке тап болған.

Материал авторы