SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Мадина Сәдуақасова 10 жасқа толған ұлы Әнуарға ерекше сый жасады. Ол мектепке қарсы беттен пәтер сатып алды. Өнер иесінің айтуынша, бұл шешім тек баласына емес, өздеріне де үлкен жеңілдік әкелген.
«Балаға пәтер сыйласаң, 10 жылын жеңілдетесің дейді ғой. Біз мектепке қарама-қарсы үйден пәтер алып, өз өмірімізді де жеңілдеттік. Бұрын кептелісте тұрып, жол бойынан түсіріп кететін едік. Енді тек жолдан өте салады», – деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Мадинаның айтуынша, пәтер жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ұлы Әнуар өз бөлмесін өзі жасақтауға қатысқан. 1 қыркүйектен бастап дәл осы жаңа үйден мектепке барады.
«17 маусым – Әнуардың туған күні. Соған орай пәтердің кілтін табыстаймын», – дейді әнші.
Әнуар биыл бастауыш мектеппен қоштасқан. Әнші бұл сыйлықты баласының жаңа белесіне қадам басқан сәтімен байланыстырып отыр.