SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бірнеше жыл бұрын "Голос. Дети", Junior Eurovision секілді байқауларда жарқ еткен қазақстандық әнші Данэлия Төлешова Қытайда өтіп жатқан Sing! Asia телешоуында өнер көрсетіп, елді аузына қаратты. Қазір ол — 18 жастағы тәжірибелі, кәсіби вокалист.
Қытайлық көрермендер мен қазылар алқасы Данэлияның вокалдық шеберлігіне, сахнадағы артистизміне, образдарына және музыкалық талғамына тәнті болды. Шоу барысында ол Imagine Dragons пен Бритни Спирсәндеріне кавер орындап, көрермендердің ықыласына бөленді.
Кейінгі жылдары сахнадан көрінбей кеткен Данэлияны жанкүйерлері жиі іздейтін. "Ол қайда жүр?" деген сұрақ әлеуметтік желілерде жиі қойылып жүр. Қазір әнші АҚШ-та тұрады, бірақ музыкалық жобаларға халықаралық деңгейде қатысып жүр.
Көпшілікке белгілі, дәл осы Қытай шоу-бизнесі Димаш Құдайбергенді әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналдырған болатын. Енді сол жолды Данэлия Төлешова жалғастырып жатыр.
Қытайлық БАҚ пен әлеуметтік желілерде оның өнері кеңінен талқыланып жатыр. Сарапшылар оның карьерасы алдағы уақытта халықаралық деңгейде қарқынды дами түсетінін болжайды.