Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды

20.06.2025, 14:30
1642
Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды smartnews.kz коллажы

Ерлі-зайыптыны ұрып-соққан Нұрасыл Болат жазасын өтеуді жалғастырады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат жазасын айыппұлмен ауыстыру туралы берген өтінішін кері қайтарып алды. Бұл туралы істің жәбірленушілерінің бірі саналатын заңгер Анна Чернова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Сот отырысы 19 маусымда өткен. Онда Нұрасыл Болаттың жазасын өзгерту мәселесі қаралған. Алайда сотталушы бұл өтінішінен өз еркімен бас тартқан.

Еске салайық, 2024 жылдың ақпан айында Анна Чернова мен оның күйеуі қыз балаға күш көрсетіп жатқан жігітті тоқтатпақ болғанда өздері соққыға жығылғанын мәлімдеген. Тергеу барысында бұл іске күдікті ретінде Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат танылған. Іс Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қозғалған.

Кейін күдіктінің әскери қызметкер екені белгілі болып, материалдар Алматы қалалық прокуратурасына берілген.

Депутат Тұрлыханов бұл оқиғаға байланысты:

“Ұлымның кінәсі дәлелденсе, заң аясында жауап береді”, – деп мәлімдеген болатын.

Ал Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев істің заң бойынша қаралатынын және шешімді тек сот қабылдайтынын айтқан.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)