Ресей мектеп бағдарламасынан украин тілін алып тастады

23.06.2025, 14:01
875
Ресей мектеп бағдарламасынан украин тілін алып тастады Donat Sorokin/TASS

Бұған дейін Қырым, Донецк және Луганскідегі ата-аналардың өтініші бойынша ғана оқытылып келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншаРесейдің Білім министрлігі мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізіп, украин тілін оқыту тізімінен алып тастады. Бұл туралы ведомствоның 200 беттен тұратын ресми бұйрығында айтылған. Құжатқа алғаш болып «Коммерсант» басылымы назар аударған.

Министрлік бұл шешімді «әлемдегі геосаяси жағдайдың өзгеруімен» түсіндірген.

Енді украин тілі Ресей Федерациясындағы ұлттық республикаларда ана тілі ретінде оқытылатын пәндер қатарынан толықтай алынып тасталады. Өзгеріс мектеп бағдарламасының барлық деңгейіне – бастауыш, негізгі және орта білімге қатысты.

Министрліктің мәліметінше, 2023–2024 оқу жылында украин тілі тек Ресей жаулап алған Запорожье мен Херсон облыстарында міндетті пән ретінде оқытылған. Ал Қырым, Донецк, Луганск және Башқұртстанда ата-аналардың өтініші бойынша ғана оқытылып келді.

Сонымен қатар, жаңа бұйрықта агротехнологиялық бағыттағы сыныптар ашу туралы тармақ та бар. Бұл сыныптар орта мектеп деңгейінде іске қосылмақ.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды