Ресейде 14 жасар қызды ұрлап әкетті деген күдікпен өзбекстандық қамауға алынды

Аиса Махамбет Редактор
23.06.2025, 16:16
311
Ресейде 14 жасар қызды ұрлап әкетті деген күдікпен өзбекстандық қамауға алынды жеке мұрағаттан

Қыз ер адаммен жалдамалы пәтерде бірге түрып, оған тамақ дайындап, үй шаруасын атқарған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Екатеринбург қаласында 24 жастағы Өзбекстан азаматы 14 жастағы мектеп оқушысын ұрлап кетті деген күдікпен қамауға алынды. Чкалов аудандық сотының шешімімен ол 15 тамызға дейін тергеу изоляторында отырады.

Оған Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 126-бабы («Кәмелетке толмағанды ұрлау») бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап бойынша 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Тергеу нұсқасы бойынша, қыз 8 маусымда үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Ата-анасы дереу полицияға жүгінген. Қыздың телефоны өшірулі болған. Біраз уақыттан кейін оның орналасқан жері ұялы байланыс деректері арқылы анықталған — жасөспірім Челябинск қаласында болған.

Тергеу барысында қызды басқа аймаққа көрші пәтерде тұрған мигрант ер адам алып кеткені белгілі болды. Қыз өзін оның "қызы" екенін айтып, онымен бірге өз еркімен кеткенін жеткізген. Олар жалдамалы пәтерде бірге тұрған. Қыз ер адамға тамақ дайындап, үй шаруасын атқарған.

Жасөспірімнің әкесі қызының бұл ер адаммен сөйлесіп жүргенінен бейхабар болғанын айтады. Үйге оралған соң қыз көп сөйлемей, бөлмесіне қамалып алған. Отбасы оны сот-медициналық сараптамаға апарған. Сараптама нәтижесіне сәйкес, олардың арасындағы қарым-қатынас платониялық сипатта болған.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа адаммен жаңа өмір бастағалы жатыр Ирандағы босқындар Каспий асып келуі мүмкін бе? Сыртқы істер министрі жауап берді Енді инвесторды прокурордың рұқсатынсыз тексеруге болмайды Жандос Өмірәлиев: «Қылмыс деңгейінің төмендеуі – қоғамдағы оң өзгерістердің көрінісі» Бас прокуратура: Жалған ақпаратты жиі тарататын – жастар Енді іздеудегі адамдарды жасанды интеллект анықтайды Бас прокурордың орынбасары алаяқтарды анықтау жұмыстары күшейтілгенін жеткізді Прокурорлар балалар үйлеріне түнгі уақытта бақылау жүргізе бастады Прокуратура әлеуметтік желідегі ақпаратты күнделікті бақылайды – Жандос Өмірәлиев Ақсудағы дауылда ағаш қадалып қаза тапқан әйелдің отбасына 1 млн теңге ғана көмек көрсетілген Ресейде 14 жасар қызды ұрлап әкетті деген күдікпен өзбекстандық қамауға алынды «Мас күйде таксиге отырып, анама бардым»: Ұлықпан Жолдасов Садраддиннің әндерін сынға алды Иранның ядролық нысанына шабуылдан кейін ауыр зақым келгені спутниктен анықталды Александр Бублик әлемдік рейтингте ТОП-30 қатарына кірді Ресей мектеп бағдарламасынан украин тілін алып тастады Дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегеріне Моңғолия қазақтары автокөлік сыйлады Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ Георгий Жуков: «Қазақтар өздері қазақша сөйлесе, мен де үйреніп алар едім»