SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында 22 жастағы полиция қызметкері өз үйінің ауласында асылып қалған күйінде табылды. Қайғылы жағдай 21 маусымда Орал қаласына жақын орналасқан Достық (бұрынғы РТС) ауылында болған.
Марқұм – ішкі істер органында қызмет етіп жүрген жас жігіт. Оның мәйітін туыстары өз үйінің ауласынан тауып алған.
Бұл ақпаратты БҚО полиция департаменті растады. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тексеріс басталды. Тәртіп сақшылары марқұмның өліміне не себеп болғанын анықтап жатыр.
«Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайлары тергеу барысында белгілі болады», – деп хабарлады департаменттен.
Жас полицей 23 маусымда жер қойнына тапсырылды. Қазіргі таңда оның бұл қадамға не үшін барғаны белгісіз.