Студент сабақты болдырмау үшін жарылғыш құрылғылар туралы жалған хабарламалар жіберген

21.03.2023, 09:34
579
Студент сабақты болдырмау үшін жарылғыш құрылғылар туралы жалған хабарламалар жіберген Smartnews.kz

Студент сабақты болдырмау үшін жарылғыш құрылғылар туралы жалған хабарламалар жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» сияқты қылмыстық әрекет – қоғамдық тәртіпке қол сұғатын аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстың қауіптілігі мынада: азаматтар арасында дүрбелең мен қорқыныш пайда болады, мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың, коммерциялық құрылымдардың қызметі тоқтатылады.

Мұндай хабарлама түскенде шұғыл қызметтер оқиға орнына жетіп, азаматтарды эвакуациялап, жарылғыш құрылғыларды іздейді. Барлық жағдайда ақпарат расталмайды деуге болады.

– Алматыда экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлерімен Жүргенов атындағы Өнер академиясы колледжінің кәмелетке толмаған студенті анықталып, ұсталды. Ол оқу орнында жарылғыш құрылғы жасырылғаны туралы бірнеше рет жалған хабарлама жасады деп күдіктелуде. Анықталғандай, ол 27, 28 ақпанда және 2 наурызда таңғы уақытта колледждің қызметтік электрондық поштасына электрондық мекенжайын ауыстыру бағдарламасын қолдана отырып, төрт рет хабарлама жіберген. Ұсталғаннан кейін және алынған дәлелдемелерді ұсынғаннан кейін ол оқуда үлгермеуіне байланысты оқу процесін тоқтату үшін осы қылмыстарды жасағанын мойындады.

Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша тіркелді. ІІМ терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

«Бүгінгі таңда құқық қорғау органдарында мұндай қылмыстармен күресу үшін барлық мүмкіндіктер бар және заманауи техникалық құралдар қолданылады. Мұндай қылмыстардың басым көпшілігі кезекші тәулікте ашылады», – деді ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев.

Бұл қылмыс үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік көзделген. Сонымен қатар сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық залал өтелуі тиіс.

Егер мұндай әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда залалды өтеу олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі. Барлық күштердің бір шығуының өзіне 200-ден 300 мың теңгеге дейін жұмсалады, ал кәсіпорындар мен сауда объектілерінің тоқтап қалуынан келтірілген залал миллиондаған теңгемен есептелуі мүмкін.

Мәселен, қылмыстық істерді тергеу барысында мемлекетке осындай жалған хабарламалармен келтірілген материалдық шығын жыл сайын 500 мыңнан 2 млн теңгеге дейін екені анықталды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды