Мас күйде көлік жүргізген Қостанайдағы аурухана бас дәрігері қамалды

Азиз Қалижан Редактор
25.06.2025, 18:38
1147
Мас күйде көлік жүргізген Қостанайдағы аурухана бас дәрігері қамалды @oblbolkst

Қостанай облыстық ауруханасының жаңа тағайындалған бас дәрігері ішіп алып көлік жүргізген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облыстық ауруханасының жаңа тағайындалған бас дәрігері Асқар Махмұтов көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Оқиға 22 маусымға қараған түні, демалыс күні болғанымен, қоғамда кең резонанс туғызды.

Полиция мәліметінше, Махмұтов әріптесімен бірге көлікте келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Жол-патрульдік қызмет тоқтатқаннан кейін, дәрігер медициналық тексеруге жіберіліп, оның қанынан психоактивті заттар табылды. Бұл — алкогольдік мас күйде болғанын дәлелдейтін зерттеу нәтижесі.

Сот отырысында бас дәрігер кінәсін толық мойындап, өкінетінін жеткізді. Дегенмен, Қостанай қаласының әкімшілік соты 608-баптың 1-бөлігі бойынша Махмұтовты 15 тәулікке қамауға алып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырды.

«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің бұл бабында балама жаза көзделмеген. Жеңілдететін мән-жайларға қарамастан, жаза қолданылды», — делінген сот қаулысында.

Сонымен қатар, 4 шілдеде Махмұтовқа қатысты қарсы жолаққа шығу бойынша қозғалыс ережесін бұзу фактісі бойынша екінші іс қаралады.

Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы оқиғаны растады, бірақ оны дәрігердің кәсіби емес, жеке әрекеті деп бағалады.

«Оқиға жұмыстан тыс уақытта, демалыс күні және ақысыз еңбек демалысы кезінде болған. Бұл – жеке тұлғаның мінез-құлқының бұзылуы. Қызметтік міндеттеріне қатысы жоқ. Сот шешімінен кейін профилактикалық әңгіме жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша шешім қабылданады», – делінген басқарманың ресми жауабында.

Асқар Махмұтов 2024 жылдың ақпанында Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері қызметіне кіріскен. 1980 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Мамандығы – хирург. Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Балқаш және Маңғыстау өңірлерінде басқарушылық қызметтер атқарған. «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасының иегері.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді