«Ешкім жаза алмайды»: Айсәуле Бақытбек отбасындағы қайғылы қаза туралы ашып айтты

Азиз Қалижан Редактор
25.06.2025, 20:01
455
«Ешкім жаза алмайды»: Айсәуле Бақытбек отбасындағы қайғылы қаза туралы ашып айтты instagram.com/aissaulebakytbek

Ол қыздарының атасына көңіл айтып, өзінің қайғыны қалай еңсеріп жүргенін жеткізді...

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы, Айсәуле Бақытбек, отбасының басынан өткен ауыр қаза жайлы бөлісіп, әлеуметтік желідегі жазбасымен желі қолданушыларын тебірентті. Ол жақында қайтыс болған қайын атасы – үш қызының сүйікті атасы жайлы жазды.

 

Айсәуле өзінің Instagram парақшасында туған-туыстарының қайғысы, балаларының аңсауы және күйеуінің жүрегіндегі жара туралы шынайы жазды:

“Сүйікті жарымның көзінен ішкі уайымды көріп тұрмын. Жәрдемдескім-ақ келеді, бірақ ондай жараны ешнәрсе жазбайды. Балаларыма қараймын – олар өздерінің ең көңілді, ең мейірімді “ең жақын досын” күтіп жатыр. Ал мен ішімнен оларды қалайша жұмсақ түрде шындықпен таныстырсам екен деп он түрлі ойға батамын. Олар оны іссапарға кетті деп жүр…”

Фото: instagram.com/aissaulebakytbek

Айсәуленің жазбасы желіде кең қолдау тауып, оқырмандар оған жылы сөздер мен көңіл айту лебіздерін қалдыруда.

Ол сондай-ақ қиын кезеңде күйзелісті қалай еңсеріп жүргенін де айтты. Отбасылық фотолармен бөлісе отырып, былай деп жазды:

“Үй, балалар, жайлылық, жұмыс, шоппинг, салонға бару. Және… ыдыс-аяқ. Күйзеліс пен стрессті осылай жеңіп жүрмін”.

Көптеген оқырман Айсәуленің сөзінен өз өміріндегі ұқсас сезімдер мен күнделікті тіршіліктің шипалы сәттерін көріп, қолдау білдірді.

«Ешкім жаза алмайды»: Айсәуле Бақытбек отбасындағы қайғылы қаза туралы ашып айтты «Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдукәрімова жаңа үйін балаларына көрсетті Мас күйде көлік жүргізген Қостанайдағы аурухана бас дәрігері қамалды Иран Израильдің үш тыңшысын өлім жазасына кесті «Ішіме сыймай бара жатыр»: белгілі әзілкеш Еркебұлан Мырзабек сүйінші хабарын жеткізді Жол инспекторы терезеге басы қысылып қалған баланы құтқарып қалды (ВИДЕО) Астанадағы қиранды стадион олигархтардан қайтарылған ақшаға қайта салынып жатыр Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігімен «достығын» тоқтатты Жаңа шектеу: Қыркүйектен бастап аударымдар бақылауға алынады Ресей мен Иранның әрекеті сабақ болды: Ұлыбритания соғысқа жаппай дайындықты бастады Қазақстанның 12 өңірінде шілдеде құрғақшылық күтіліп отыр Путин «иноагенттерді» шетелде жүргенде де жазалайтын заңға қол қойды Әскерге сау кетіп, мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар аяққа тұра бастады (ВИДЕО) Ашулы Трамп Израиль мен Иранды боқтап жіберді Сағындырған LRT… Астаналық бұзақылар LRT вагондарына сурет салып кеткен Шерзаттың өліміне кінәлі сотталушылар апелляциялық шағым түсірді «Тарихи жеңіс емес»: АҚШ атқылаған Иранның ядролық базалары аса қатты зақымдалмаған боп шықты Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Байқамай қалдым»: Алматыда зейнеткер әжені көлік қағып өлтірді Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден өтті