Жанқош Тұраровтың Алматыдағы әлем чемпионы титулы үшін жекпе жегі тікелей эфирде көрсетіледі

21.03.2023, 10:21
640
Жанқош Тұраровтың Алматыдағы әлем чемпионы титулы үшін жекпе жегі тікелей эфирде көрсетіледі instagram.com/asylbekd

21 наурызда Алматыда өтетін бокс кешінде қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) өнер көрсетеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Тұраров жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық атағы үшін мексикалық Алехандро Менесеспен (16-5, 9 КО) жұдырықтасады. Қазір бұл белбеу мексикалық боксшыға тиесілі.

Барлығы он екі жекпе-жек жоспарланған. «Хабар» телеарнасының тікелей көрсетілімі Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Жанқош Тұраров бұған дейінгі жекпе-жегін қараша айында Алматыда өткізіп, венесуэлалық боксшы Луис Энрике Ромероны (11-6-1, 7 КО) жетінші раундта нокаутқа түсіріп, жартылай орта салмақтағы IBO Inter-Continental тұжырымы бойынша бос тұрған чемпион атағын жеңіп алған болатын. Алехандро Менесеске келетін болсақ, ол өткен сәуірде британдық Сэм Максвеллмен (17-1, 11 КО) жұдырықтасып, оны тоғызыншы раундта нокаутқа жіберген. Максвелл үшін бұл жеңіліс оның кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңіліс болды және дәл сол жекпе-жекте Менесес IBO әлем чемпионы атанды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жекпе-жек қарсаңында Тұраров пен Менесес санат шегін (63,5 келі) сәтті орындады, сонымен қатар дәстүр бойынша көз түйістірді.

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды