SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылы 6 маусым күні теңіз жағалауында қоғамдық мүлікке зиян келтіріп, бұзақылық әрекеттер жасаған жасөспірімнің ата-анасы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оқиға 6 маусым күні тіркелген. Ақтауда 14-шағынаудандағы жағалаудағы балясиналарды сындырған жасөспірім анықталды. Видеода 15 жастағы жеткіншек балясиналарды жұлып, қоғамдық мүлікке зиян келтіріп жатқаны анық көрінеді. Осы әрекеті үшін жасөспірімді және оның достарын бейнебақылау камерасы арқылы полиция қызметкерлері тапқан.
Оқиға Ақтау қаласы аумағында орын алған. Жасөспірімнің әрекеті үшін оның ата-анасы кешірім сұрап, бұдан былай мұндай жағдайға жол бермеуге уәде берді.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балаға қатысты профилактикалық сипаттағы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық тәртіпті сақтау және бөтен мүлікке құрметпен қарау қажеттігін ескертті.