Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
26.06.2025, 17:14
338
Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) бейнежазбадан

Қыздардың әрекеті елді сүйсіндірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысының тұрғыны Шалғын Өтеғұловқа 60 жылдық мерейтойында тосынсый жасалды. Әкелер күнімен тұспа-тұс келген қуанышты күнде оның 10 қызы бірлесіп пәтер сыйлап, елдің ықыласына бөленді. Бұл туралы үйдің үлкен қызы Жақсыгүл Шалғынғызы Stan.kz тілшісіне айтып берді.

Жақсыгүл Шалғынқызы ата-анасына үй алып беру идеясын 1 жыл бұрын қолға алғандарын айтады.

«2021 жылы әкемізге көлік сыйлағанбыз. Бұл жолы мерейтойды ұмытылмас сәтке айналдыру үшін барлығымыз шама-шарқымызша қаражат жинадық. Үй іздеуге егіз сіңлілеріміз Әмина мен Әлина атсалысты. Ал үйді сәуір айында сатып алып, кілтін 14 маусым күні салтанатты түрде табыстадық», – дейді Жақсыгүл.

Үйді Ақтаудан алған. Бұған дейін ата-анасына бір бөлмелі пәтер тарту етіп, оны қыздардың өздері пайдаланып жүрген. Енді жаңа баспана – зейнетке жақындаған ата-ананың қаладағы жайлы мекені болмақ.

«Ата-анамыз бұл тосынсыйды күтпеді. Анамыз қуаныштан көзіне жас алып, «бөтен үйде отырғандаймын» деп қалды. Жасымыз келген сайын оларды қуанту – перзенттік парызымыз деп білеміз», – дейді ол.

Мерейтой күні мейрамханадан кейін туған-туыстардың барлығы жаңа пәтерге барып, арнайы дастархан басында қуанышты бөліскен. Жақсыгүлдің айтуынша, 700 мың теңгеден бастап жиналған қаржының көбі пәтерге жұмсалған. Сонымен қатар анасына алтын білезік те тарту етілген.

Шалғын Өтеғұлов – бұрын Қаламқас кен орнында еңбек еткен, бүгінде ауыл мектебінде күзетші. Зайыбы Толқын мектепте вахта қызметкері. Балаларын еңбекпен өсіріп, білім мен тәрбие берген.

Жақсыгүл – мұғалім. Барлық қыздардың басым бөлігі білім саласында еңбек етеді, біреуі – ауылдық мәдениет үйінің директоры.

«Біз Қызан ауылында тұрамыз. Жанымызда ата-анамыздың барына шүкір. Ер азаматтарымыз да бұл бастамамызға қолдау білдіріп, демеу болды. Бірлік болса, алынбайтын асу жоқ екенін түсіндік», – дейді Жақсыгүл.

Жақсыгүлдің жасы – 37-де, кенжелері – 16 жастағы Сүйеніш. Он қыз бен бір ұлдан құралған бұл әулет көпшілікке өзара ауызбіршілік пен ата-анаға деген құрметтің жарқын үлгісін көрсетті.

Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды