Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді

27.06.2025, 09:48
835
Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді instagram.com/respublica_partiyasy

Шешімді саналы түрде қабылдадым дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бұрынғы Мәжіліс депутаты, қазіргі Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов «Respublica» партиясындағы тең төрағалық қызметінен кетуінің себептерін өзі түсіндірді.

«Бұл шешімді толық ойланып, саналы түрде қабылдадым», – дейді ол.

Берденов бұл шешімге бірнеше объективті себеп түрткі болғанын айтты:

Біріншіден, қазіргі лауазымы – мемлекеттік қызметкер. Ал Қазақстан заңнамасына сәйкес, мұндай қызметті атқаратын тұлғалар саяси партияда басшылық қызметте бола алмайды. Берденов заңға бағынып, талапты сақтауды жөн санағанын мәлімдеді.

Екіншіден, Respublica партиясының ішкі тәртібі де мемлекеттік қызмет пен партиялық лауазымды қатар алып жүруге тыйым салады.

«Біз саяси ықпал мен мемлекеттік басқару бөлінуі тиіс деп санаймыз», – деді ол.

Үшіншіден, денсаулық жағдайы да шешімге әсер еткен.

«Мемлекеттік қызметтегі жұмысымды жауапкершілікпен атқару үшін денсаулығыма басымдық беріп отырмын», – деді Берденов.

Ол Respublica партиясының бастапқы идеяларына адал болып қала беретінін және командаластарына алғыс айтып, табыс тіледі.

Еске сала кетейік, биыл 24 ақпанда Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Осыған байланысты оның Мәжіліс депутаттығы тоқтатылды.

Сәуір айында Берденовке қастандық жасалып, ол ауыр халде ауруханаға түскен. Жедел ота жасалып, кейін сауығып шыққан болатын.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды