«4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті

27.06.2025, 18:50
2598
«4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті бейнежазбадан

Шымкентте балалар өз әкесін соттата алмай, әділдік іздеп ашынып жүр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сот марқұмның күйеуін кісі өлтіру емес, өз-өзіне қол жұмсауға жеткізді деп танып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда балалары бұл шешіммен келіспейді. Жағдай туралы Almaty.tv арнасы жеткізді.

Шымкентте өткен сот отырысында судья әйелінің өліміне қатысты айыпталған ер адамды кінәлі деп тапты, бірақ кісі өлтіру емес, өз-өзіне қол жұмсауға жеткізгені үшін. Оған 1 жыл 6 ай мерзім тағайындалды. Дегенмен марқұмның балалары бұл үкімге наразы және істі қайта қарауды талап етіп отыр.

«Қылмыстық кодекстің 46-бабының 5-бөлігінің 5-тармағына сәйкес Сейдуалиевке ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде жазасын өтеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енгенше күзетпен ұстау шарасы күшінде қалады», — деді судья Сабит Төреханов үкімді оқығанда.

Қайғылы оқиға биыл ақпанда орын алған. Балалардың айтуынша, анасы өз еркімен терезеден секірмеген — олар әкесі итеріп жіберді деп есептейді. Ең ауыр тұсы — сол сәтте 2 және 4 жастағы екі кішкентай бала оқиғаның куәсі болған. Алайда олардың куәлігі сотта ескерілмеген.

«1 жыл 6 ай деген — өте аз жаза. Оның үстіне 5 ай тергеу кезінде қамауда болды, енді сол мерзімді шегергелі отыр. Біз анамыздың өзі секіргеніне сенбейміз. 4 жастағы бала шындықты айтты, бірақ оның сөзі есепке алынбады. Ал ол өтірік айтпайды», — дейді марқұмның қызы Перизат Қалдарбек.

Марқұмнан кейін артында жеті бала қалды. Олардың бірі — арнайы мекемеде. Екі үлкен қызы енді кіші бауырларына қамқор болып отыр. Олар бір нәрседен ғана қорқады — әкесі бостандыққа шығып, қайта мазаларын алуы мүмкін.

«Біздің анамызды өлтірген адам — біздің әкеміз. Ол өмір бойы бізді ұрып-соғып келді. Біз оны жек көреміз. Ең кішкентайымыз да әкесін көргісі келмейді. Сотта сұрағанда, ‘әкеңді көргің келе ме?’ деп, ‘жоқ’ деді», — дейді Перизат Қалдарбек.

Тергеу барысында ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалдың тұрмыстық қиындықтар мен қолдаудың болмауынан шыққаны анықталған. Балалар бұл оқиғаны суицид емес, нақты кісі өлтіру деп санайды және анасының өліміне әділеттілік сұрайды.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)