Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді

28.06.2025, 15:15
177
Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді AP Photo / Jacquelyn Martin

АҚШ-қа келген мигранттардың балаларына азаматтық «тарату» тоқтайды. Жоғарғы сот Трампты қолдады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Жоғарғы соты президент Дональд Трамптың мигранттарға қатысты жарлығын қолдап, федералды соттардың бұл жарлықты nationwide (жалпыұлттық деңгейде) тоқтата тұру құқығын шектеді. Бұл шешім мигранттардан туған балаларға автоматты түрде АҚШ азаматтығын беруді тоқтату туралы Трамптың жарлығына байланысты қабылданды.

Трамп бұл жарлыққа Ақ үйге қайта оралған соң қол қойған. Бұған дейін кейбір соттар бұл жарлықтың күшіне енуіне жол бермей келген еді. Алайда Жоғарғы сот федералды судьялардың мұндай әрекеттерге әрдайым құқығы жоқ екенін мәлімдеді.

Шешім бір ауыздан шыққан жоқ: 6 судья «иә» деп дауыс берсе, 3-еуі «жоқ» деп қарсы болды. Енді төменгі соттар өз шешімдерін қайта қарауы тиіс. Бірақ жарлықтың өзі заңды ма, жоқ па – ол бөлек сұрақ, оған Жоғарғы сот әзірге баға берген жоқ.

Дональд Трамп бұл шешімді «үлкен жеңіс» деп атап, Конституция «радикал көзқарастағы судьялардың араласуынан» қорғалды деді. Ол бұл шешім үшін өзі ұсынған Жоғарғы сот судьясы Эми Кони Барретке алғыс айтты.

«Бұдан былай жергілікті судьялар бүкіл ел бойынша президент жарлықтарының күшін жоя алмайды. Олар тек өз округі аясында ғана тоқтата алады. Бұл президент әкімшілігінің ішкі саясаттағы ықпалын күшейтеді», – делінген жарияланған мақалада.

Соңғы күндері Жоғарғы сот тағы бір шешім қабылдап, құжатсыз жүрген, бірақ еліне қайтарылмайтын мигранттарды үшінші елдерге депортациялауды қолдады. АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі бұл шешімді «қауіпсіздік үшін жеңіс» деп бағалап, енді депортациялық рейстерді еш кедергісіз бастауға болады деді.

Бұл шешімдер Трамп әкімшілігінің миграциялық саясаттағы қатаң бағытын заңмен бекітіп, алдағы айларда ішкі саяси атмосфераға айтарлықтай ықпал етуі мүмкін.

Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті