«Үйге ішіп келді»: Павлодар облысында көпбалалы ана азаматтық күйеуін пышақтап тастады

30.06.2025, 14:30
717
«Үйге ішіп келді»: Павлодар облысында көпбалалы ана азаматтық күйеуін пышақтап тастады Екатерина Сычкова / URA.RU

Әйелге қатысты сот шешімі жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысында көпбалалы ана азаматтық күйеуін пышақтағаны үшін сотталды. Ер адам мас күйінде келген.

Оқиға сәуір айында Павлодар қаласының маңындағы Павлодарское ауылында болған. Ерлі-зайыптылар 2021 жылдан бері кездесіп жүргенімен, бірге тұрмаған.

Сот үкімінде көрсетілгендей, ер адам сол күні мас күйде әйелінің үйіне келіп, қызғанышпен балағаттап, қорлаған.

«Ол үйден кетуін сұрағанымда, маған тап беріп, тұншықтырамын деді. Мен ас үйден қашып шығуға тырыстым. Ол маған қарай еңкейгенде, мені тұншықтырмақ болды деп ойлап, не болғанын түсінбей, қолыма ас үй пышағын алып, сол жақ бүйіріне бір рет сұғып алдым. Ол бір сәт маған сүйеніп, “жағдайым нашарлап барады” деді», – деп келтірілген әйелдің сөзі үкімде.

Жәбірленуші ауруханаға жеткізілген. Оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалды. Әйел тергеу барысында бірнеше рет көрсетпелерін өзгерткен, алайда сотта өзі мен балаларының өмірінен қорыққанын айтқан.

Жәбірленуші сүйіктісінің түрмеге түспеуін өтінген, әрі оқиғаға өзі де кінәлі екенін мойындаған.

Сот үкімімен 41 жастағы төрт баланың анасына үш жыл шартты жаза тағайындалды.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады