1477

Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі Айгүл Иманбаеваның немересіне бриллиант сыйлады

Тұсаукесерде Сәбит Әбдіхалықовтың жары ерекше сыйлықпен көзге түсті.

Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі Айгүл Иманбаеваның немересіне бриллиант сыйлады
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актер Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі – актриса Динара Абдуллина әнші Айгүл Иманбаеваның немересіне бриллиант пен алтын сырға сыйлады. Бұл туралы тұсаукесер тойда айтылды.

Айта кетейік, Айгүл Иманбаева жуырда немересінің тұсаукесер тойын өткізген болатын.

«Бұл қыз – ерекше. Бізде бір ата-әже болса, Айсұлуда – төртеу. Құшағымызды жайып, жақсы көріп тұрамыз. Саналы, салиқалы ұрпақтардан болсын! Қолымыздағы барды аямадық. Өз атымнан алтын сырға мен бриллиант сыйлаймын», – деді Динара Абдуллина.

Сондай-ақ тойда журналист Анна Данченко Сәбит Әбдіхалықовтың қазіргі жарын жұртқа таныстырып өтті.

«Сәбит ағамыздың жары да – актриса. Күйеуінен 16 жас кіші. Үш әйелінен 8 баласы бар. Той өте ерекше өтті», – деп жазды журналист әлеуметтік желіде.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор