SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кәсіпкер Тұрсен Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ляйсира Марат экс жолдасына үндеу жасап, балалары мен отбасы алдында кешірім сұрауды талап етті.
Бұған Алагөзовтің Айсәуле Бақытбекке берген сұхбаты себеп болған. Онда кәсіпкер өзінің өткен өмірі мен жеке қарым-қатынастары жайлы айтып өткен.
"2015 жылы үйленгеніміздің 25 жылдығын атап өттік. Сол кеште сен махаббат пен адалдыққа ант бердің. Бірақ тура бір жылдан кейін Тбилисиге басқа адаммен кеттің. Бұл балалар үшін ауыр соққы болды. Енді сені олармен ештеңе байланыстырмайды. Отбасым мен балаларымнан кешірім сұрауыңды талап етемін", – деді Ляйсира Марат.
Сонымен қатар ол балаларының Алагөзов тегінен бас тартуының себебін түсіндірді.
"Амина мен Арсен — ересек, өз таңдауын жасай алатын жаста. Олар бұл шешімді саналы түрде қабылдады. Тегі үшін ешкімді кінәлауға болмайды. Арсен бір жарым жылдан кейін өзгертті, Амина үш айда. Мен де ол кісі үйден кеткеннен кейін Марат тегіне өттім. Бұл — біз үшін шындықпен өмір сүрудің жолы", – деді ол.
Ляйсира Марат бұл мәлімдемесінде экс-жолдасының сұхбаттағы кей сөздері шындыққа жанаспайды деп отыр.
RUS