«Бізге п***»: Танымал «Ирина Қайратовна» тобының өрескел әрекеті жұрттың ашуына тиді

Аиса Махамбет Редактор
30.06.2025, 20:10
546
«Бізге п***»: Танымал «Ирина Қайратовна» тобының өрескел әрекеті жұрттың ашуына тиді threads.com/seven7tn

Көрермен олардың киелі сахнада боқтағаны үшін сынға алған еді. Топ мүшесі көрерменді балағаттап жіберді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада өткен OYU Fest фестивалінде өнер көрсеткен «Ирина Қайратовна» тобы сақнадағы былапыт сөзі үшін сынға ұшырады. Олардың әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

OYU Fest жақында елордада өтіп, мыңдаған жасты жинаған. Іс-шарада бірнеше танымал орындаушылар өнер көрсетті. Вечердің хедлайнері ретінде сахнаға шыққан «Ирина Қайратовна» тобы көрермендердің бір бөлігінің көңілінен шықпай қалды.

Threads әлеуметтік желісінде seven7tn деген лақап атпен тіркелген қолданушы өз наразылығын білдірді:

«Ирина Қайратовна, ұялмайсыңдар ма? OYU Fest сияқты көпшілік жиында, балалар мен үлкен апалар отырған жерде неге боқтық сөз қосылған ән айтып тұрсыңдар?»

Топ мүшелерінің жауабы көп күттірмеді. Олардың бірі қысқа да өткір жауап қайтарды:

«Ренжімеңдер, бірақ бізге бәрібір», – деп жазды ол (мәтіннің орысша түпнұсқасында — «нам по...й»).

Бұл жауап әлеуметтік желі қолданушыларын екіге бөлді:

— бір бөлігі топты қоғамдық ортаға құрметсіздік танытты деп сынға алды,
— ал екінші тарап: «IK кім, қандай екенін білдіңдер. Барсаңдар, олардан не күтетіндеріңді де біліңдер» деп қорғап шықты.

Қалай десек те, концерт аяқталғанымен, кейбір ата-аналар мен көрермендерде жағымсыз әсер қалғаны байқалады.

 

 

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген