Балуандарымыз Азия чемпионатында 38 медаль жеңіп алды

01.07.2025, 14:30
5207
Балуандарымыз Азия чемпионатында 38 медаль жеңіп алды instagram.com/kazwrestling_official

Чемпионатта иеленген 38 медальдың 13-і алтын.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Вьетнамның Вунгтау қаласында өткен күрестен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық балуандар сәтті өнер көрсетіп, ел қоржынына 38 медаль салды. Оның 13-і – алтын, деп жеткізді Ұлттық Олимпиада комитеті.

U23 санатындағы жетістіктер:

Жастар арасындағы жарыста (U23) грек-рим күресінде отандастарымыз командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Алтын жүлдегерлер қатарында:

Ерасыл Мамырбеков (55 кг)

Исхар Курбаев (60 кг)

Бағдат Сабаз (67 кг)

Ақжан Ықыласов (77 кг)

Сонымен қатар, осы санатта еркін күрестен Маийс Әлиев (70 кг) жеңімпаз атанды. Әйелдер күресінде Виктория Хусаинова (59 кг) топ жарды.

Барлығы U23 санатында Қазақстан 6 алтын, 7 күміс және 6 қола медаль еншіледі.

Командалық есеп:

Грек-рим – I орын

Еркін күрес – II орын

Әйелдер күресі – III орын

U17 санатындағы жеңістер:

Жасөспірімдер (U17) арасында өткен бәсекеде Қазақстан тағы да көш бастады.

Грек-рим күресінде 4 алтын медаль иеленгендер:

Қуанышбек Жанажол (45 кг)

Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг)

Дамир Ақан (60 кг)

Досбол Шамиль (65 кг)

Еркін күрестен де 2 алтын бұйырды:

Ибрахим Ысқақбек (55 кг)

Бекасыл Асамбек (60 кг)

Әйелдер күресінде Жайдар Мұқат (61 кг) алтын медальға ие болды.

U17 бойынша жалпы 7 алтын, 6 күміс және 8 қола медаль еншіленді.
Командалық есеп:

Еркін күрес – I орын

Грек-рим – II орын

Әйелдер күресі – IV орын

Осылайша Қазақстан U17 және U23 жас санаттары бойынша Азия чемпионатында айқын басымдықпен өнер көрсетіп, жалпы 13 алтын, 13 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды