«Жүрегіне пышақ сұғып, үстінен көлікпен жүріп өткен»: Ақтөбеде бозбаланы аяусыз өлтірген 10 адам сотталды

01.07.2025, 18:31
4208
«Жүрегіне пышақ сұғып, үстінен көлікпен жүріп өткен»: Ақтөбеде бозбаланы аяусыз өлтірген 10 адам сотталды бейнежазбадан

Болмашы ұрыстың соңы ұлы төбелеске жалғасып, студенттің өлімімен аяқталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде жастар арасындағы қақтығыстан кейін бір адам қаза тауып, он адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қанды оқиға 2024 жылдың 27 мамырында қаладағы автотұрақтардың бірінде болған. Жасөспірімдер арасында туындаған жанжал қарулы шабуылға ұласып, 18 жастағы Диас Талғатұлы жүрек тұсынан пышақталып, көз жұмды. Тағы сегіз адам әртүрлі жарақат алды.

Іс материалдарына сәйкес, жанжал бір оқушының ағасына біреудің себепсіз қол көтеруімен басталған. Екі тарап кейінірек кездесуге уағдаласып, ақша мен қымбат ұялы телефон талап еткен. Талап орындалмаған соң күдіктілер қару мен пышақ қолданып, қарсы топқа шабуыл жасаған.

Сотта 77 томнан тұратын іс үш қылмыстық баппен қаралды. 10 айыпталушының жасы – 21-25 аралығында. Барлығы кінәсін мойындамаған. Жәбірленуші тарап оларға 50 миллион теңгеден астам материалдық және моральдық шығынды өтеу туралы талап қойған. Сот азаматтық талапты ішінара қанағаттандырды.

Сот шешімімен айыпталушыларға мынадай жаза тағайындалды:

Арсен Нысаналиев – 20 жыл

Мұхаммад-әли Дилшодбекұлы – 20 жыл

Досымжан Құсманов – 22 жыл

Ильяс Саловатов – 15 жыл 6 ай

Жанболат Марқабаев – 11 жыл 6 ай

Нұрзат Бақтыбаев – 15 жыл 6 ай

Руслан Сағынбаев – 15 жыл 6 ай

Тимур Есхожин – 15 жыл 6 ай

Сұлтан Типаев – 15 жыл 6 ай

Әділет Сағынов – 15 жыл 6 ай

Сотталушылардың қорғаушылары үкіммен келіспейтінін айтып, апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. Істі Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты судья Жәнібек Сейтжаппаров қарады.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды