Солтүстік Қазақстанда бизнеске қысым жасағандар әшкереленді
Солтүстік Қазақстан облысында инвесторлардың құқығын бұзған бірқатар шенеунік тәртіптік жазаға тартылды.
Бұл туралы smartnews.kz сайты СҚО прокуратурасының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған «прокурорлық сүзгі» жобасы аясында облыс прокуратурасы 75 материалды саралап, кәсіпкерлікке негізсіз қысым жасаудың алдын алды. Нәтижесінде, инвесторларға қатысты әкімшілік жаза түрінде қолданылған 10 шешімнің заңсыз екені анықталып, күшін жойды. Сонымен қатар, екі тексеру де заңсыз деп танылып, тоқтатылды.
Бұдан бөлек, «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» жүйесі арқылы жүргізілген мониторинг кезінде прокурордың рұқсатынсыз 22 заңбұзушылық тіркелген. Бұл фактілерге мемлекеттік кірістер органдары мен полиция қызметкерлері жол берген.
Жалпы алғанда, заңсыз қаулылардың күші жойылып, әкімшілік істер тоқтатылды. Төрт лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Олардың қатарында Аққайың аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы да бар.
Материал авторы