568

«Сені мақтан тұтамыз»: Президент Шавкат Рахмоновты жеке қабылдайтынын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты мақтан тұтанынын айтты. Видео UFC шеберінің Instagram-парақшасында жарияланды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Сені мақтан тұтамыз»: Президент Шавкат Рахмоновты жеке қабылдайтынын айтты
akorda.kz

21 наурыз күні Астанадағы EXPO алаңында Наурыз мейрамына арналған мерекелік шараны аралап көру барысында Мемлекет басшысы таяуда ғана UFC аясындағы жекпе-жегінде жеңіске жеткен Шавкат Рахмоновтың қолын алып, оны мақтан тұтатынын айтты.

«Таяу арада сені қабылдаймын. Жарайсың! Сені мақтан тұтамыз!» - деді Қ. Тоқаев спортшыға.

Өз кезегінде Ш. Рахмонов Президентпен болған кездесудің әсерімен бөлісті. «Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентімен кездестім. Президенттің қарапайымдылығы маған өте қатты ұнады. Жеке қабылдап, жүздесетінін атап өтті. Өте қуаныштымын. Алға, Қазақстан!» - деп видео жариялады ол.