Астанада жол апатынан 24 жастағы жүргізуші көз жұмды

02.07.2025, 12:32
2326
Астанада жол апатынан 24 жастағы жүргізуші көз жұмды бейнежазбадан

Toyota Land Cruiser көлігі көпірге қарай бағыт алып, аударылып түсті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Toyota Land Cruiser көлігімен жүрген 24 жастағы азамат жол апатына ұшырап, оқиға орнында қаза тапты. Қайғылы жағдай жайлы бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Кадрларда төңкеріліп жатқан автокөліктің қарсы бағыттағы жолақта тұрғаны көрінеді.

Қалалық Полиция департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, жүргізуші Қалдаяқов көшесімен "Арыс" көпірі бағытына қарай қозғалған. Алайда рөлге ие бола алмай, көлігі аударылып кеткен. Инерциямен көлік қарсы бағытқа шығып, екі көлікпен соқтығысқан.

— Жүргізуші алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүргізілуде, — деп хабарлады полиция.

Құзырлы орган жол қозғалысына қатысушыларды ережені қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.

 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады