«Иттер қымбат екен деп қарап тұрайын ба?!»: Алматыда баланы құтқарған тұрғыннан ит иесі өтемақы талап еткен

02.07.2025, 15:35
3489
«Иттер қымбат екен деп қарап тұрайын ба?!»: Алматыда баланы құтқарған тұрғыннан ит иесі өтемақы талап еткен бейнежазбадан

Иттер баланы талап, сан еті мен құлағын жұлып алған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысы, Жалпақсай ауылында 10 жасар бала иттердің шабуылына ұшырап, ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Куәгерлердің айтуынша, үш төбет футбол алаңында ойнап жүрген балаларға тап берген. Қалған балалар қашып құтылса, Михаил есімді бала иттерден жапа шеккен.

Баланы ауыл тұрғыны ажал аузынан құтқарды

Оқиға кезінде жолдан өтіп бара жатқан Серік Сақабеков есімді тұрғын иттерге араша түсіп, бәкімен оларды қуып таратқан. Оның айтуынша, овчарка баланы иығынан сүйреп бара жатқан.

«Қанға тұншығып жатыр екен. Пышақпен иттерге соққы беруге мәжбүр болдым. Баланы аман алып қалдым. Артынан анасы жүгіріп келді», — дейді ол.

Ит иелері керісінше — құтқарушыдан өтемақы сұраған

Куәгердің сөзінше, келесі күні иттің иесі хабарласып, өлген иттер үшін өтемақы талап еткен:

«Екі иттің ақшасын төлейсің, олар — қымбат иттер» деді. Сонда мен қарап тұруым керек пе еді, бала өліп жатса да?!» — деп ашынды Серік Сақабеков.

Иттер оңалту орталығына тиесілі, мекеме баланы кінәлап отыр

Иттердің жекеменшік оңалту орталығына тиесілі екені анықталды. Бұл нысан бұрынғы мәдениет үйі болған, қазір онда түрлі тәуелділіктерден емдеу жүргізіледі. Ауыл тұрғындары бұл жерді "секта" деп атайды — ішінде түсініксіз дыбыстар шығып, ауласы итке толы дейді.

Мекеме өкілдері кінәні мойындамай отыр:

«Бала біздің аумаққа рұқсатсыз кірді. Видеосы бар. Иттер өзімізге керек. Екі ит өлтірілді», — деді олар.

Алайда Михаил футбол алаңында болған. Иттердің ол жерге бұзылған қоршау арқылы кіріп кеткеніхабарланды.

Әкімдік пен полиция тексеру бастады

Ұмтыл ауылдық округінің әкімі Ислам Ибатжан оқиғадан кейін мекемеге қатысты тексеріс жүргізілетінін айтты:

«Ит ұстау талаптары заңға сай ма, жұмыс тәртібі қандай – барлығы тексеріледі», — деді әкім.

Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу басталды. Зардап шеккен Михаил Қаскелең қаласындағы ауруханада, бірнеше күрделі операция күтіп тұр.

Ауыл тұрғындары оқиғадан соң бұралқы ит мәселесін көтеріп, тиісті мекемелер иттерді ауласын талап етуде.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды