Иран Франция азаматтарын Израиль пайдасына тыңшылық жасады деп айыптады

03.07.2025, 15:35
4105
Иран Франция азаматтарын Израиль пайдасына тыңшылық жасады деп айыптады Houpline-Renard / SIPA

Иран түрмесіндегі француздар астыртын тыңшылықпен айналысты дейді Иран үкіметі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иранда үш жылдан астам уақыт қамауда отырған француз азаматтары Сесиль Колер мен Жак Париске Израильдің «Моссад» барлау қызметіне жұмыс істеді деген ресми айып тағылды. Бұл туралы тұтқындардың туыстары мен француз дипломаттары мәлімдеді.

Иран тарапы алғаш рет шетел азаматтарының нақты қай елдің пайдасына әрекет етті деген күдікке ілінгенін ашық айтты. Бұған дейін Колер мен Париске тек жалпы тыңшылық айыбы тағылған болатын.

«Олар судьямен кездесті. Ол үш бап бойынша айыпты растады: «Моссад» пайдасына тыңшылық жасау, режимді құлатуға астыртын жоспар құру және пара беру», – деді Колердің сіңлісі Ноэми Колер.

Қамаудағылардың туыстарының айтуынша, әлі күнге дейін оларға тәуелсіз адвокатпен кездесу мүмкіндігі берілмеген. Айып дәлелденсе, екеуіне де өлім жазасы қаупі төніп тұр.

Туристік сапар соңы — қамауға алу

40 жастағы әдебиет пәні мұғалімі Сесиль Колер мен 72 жастағы Жак Парис 2022 жылдың 7 мамырында, Ирандағы туристік сапары аяқталар күні ұсталған. Франция тарабы оларды «негізсіз және саяси астары бар айыппен» қамауға алынды деп есептейді.

Француз президенті Эммануэль Макрон мен сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро соңғы күндері олардың босатылуын қайта талап етті. Француз дипломаты жуырда Тегерандағы Эвин түрмесінде отырған тұтқындармен кездесті. Аталған түрме жақында Израильдің әуе соққысына ұшыраған болатын.

«Кепілдік дипломатиясы» ма?

Иран батыс елдерінің мәліметінше, соңғы жылдары «дипломатиялық кепілдік» тактикасын жиі қолданады – яғни шетел азаматтарын тұтқындап, оларды саудаға салып немесе өз азаматтарына айырбастауды көздейді.

Франция әзірге азаматтарын қайтару бойынша нақты қадамдарын жария еткен жоқ. Бірақ жағдай халықаралық деңгейде жіті бақылауда.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді