Ақтөбеде локомотив депосындағы жарылыстан екі жұмысшы қаза тапты

03.07.2025, 17:47
3265
Ақтөбеде локомотив депосындағы жарылыстан екі жұмысшы қаза тапты Jack Delano

Екі марқұм дәнекерлеуші болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 26 маусым күні Ақтөбедегі «Қамқор Локомотив» компаниясына қарасты локомотив жөндеу депосында жарылыс болып, артынан өрт шықты. Салдарынан екі электрдәнекерлеуші ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды. Қайғылы жағдай жайлы ақпарат енді ғана белгілі болды.

«Жәбірленушілер Медицина орталығына шұғыл жеткізілді. Реанимация бөлімінде барлық қажетті көмек көрсетілді. Бірақ алған жарақаттарының ауырлығына байланысты олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиға бойынша арнайы комиссия құрылды. Тергеуді Мемлекеттік еңбек инспекторы басқарады.

«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 188-бабының 4-тармағына сәйкес, арнайы тергеу комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Қорытынды кейін жарияланады», — делінген Еңбек инспекциясы департаментінің мәлімдемесінде.

Әкімдік тарапынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасына материалдық көмек ұйымдастырылып, жерлеу рәсімдері үшін көлікпен қамтамасыз етілді.

«Қаза болған азаматтардың несиелері бар-жоғын анықтау үшін банктерге сұраныс жолданды. Компания мен филиал басшылығы ұжымдық шарт аясында қаржылай көмек көрсету мүмкіндігін қарастырып жатыр», — деді жергілікті әкімдік өкілдері.

Компания мен иесі туралы не белгілі?

«Қамқор Локомотив» компаниясы 2022 жылдан бері ресейлік кәсіпкер Алексей Лебедевке тиесілі. Бұған дейін ол Қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаевпен байланысы бар құрылымның иелігінде болған.

Лебедев Ресейдің темір жол саласында 10 жылдан аса қызмет атқарған. Ол «МТ Промышленный оператор» компаниясын басқарған және бірнеше шағын кәсіпорындарға жетекшілік еткен.

Компанияны сату мәмілесі қоғам назарынан тыс өтті, ресми мәлімет өте аз. Бір ғана пресс-релизде Лебедев қызметкерлер мен технологияларды сақтап қалуға ниетті екені айтылған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды