Астанада шетелдіктерді заңсыз тіркеген университет әшкере болды

03.07.2025, 18:02
3045
Астанада шетелдіктерді заңсыз тіркеген университет әшкере болды Polisia.kz

Шетелдіктерге уақытша тұру рұқсаттарын заңсыз рәсімдеген боп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Ішкі істер министрлігі заңсыз көші-қон арналарына қарсы күресті күшейтіп жатыр. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, елордада шетелдік азаматтарға жалған құжат жасап, заңсыз тіркеумен айналысқан бірнеше тұлға анықталды.

— Күдіктілердің бірі халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жалған құжаттарды пайдаланып, жақын шет елдерден келген ондаған азаматқа уақытша тұру рұқсаттарын заңсыз рәсімдеген, — деді Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Тінту кезінде медициналық анықтамалар, мөрлер, электронды тасымалдағыштар және өзге де құжаттар тәркіленген.

Оқу орнында ұйымдасқан қылмыстық схема анықталды

ІІМ ақпаратына сүйенсек, Астанадағы жоғары оқу орындарының бірінде де ұқсас заңсыз әрекет тіркелген. Оқу орнының екі қызметкері алыс шетелден келген 68-ден астам азаматқа жалған шақыру жасап, оларды студент ретінде тіркеген.

— Олар кәсіпкермен жалған келісімшарт жасап, оқу процесін қолдан ұйымдастырған. Осы жалған құжаттар арқылы шетел азаматтары Қазақстанға кіріп, рұқсатсыз еңбек қызметімен айналысқан, — деді Нұрмағамбетов.

Тергеу жүріп жатыр

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Министрлік мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері осындай сегіз заңсыз көші-қон арнасы анықталып, жойылған.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады