SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Меруерт Түсіпбаева елдегі никаб киюге байланысты енгізілген заңға қатысты өз көзқарасын білдірді. Өнер иесі бұл бастаманы құптайтынын ашық айтты.
«Қазақстанда бет-әлпетті тұмшалауға тыйым салынады. Өз басым, Бекшин сияқты «наконец-то» дедім. Сіз келісесіз бе?» – деп жазды Түсіпбаева Instagram парақшасында.
Желі қолданушылары бұл пікірге түрліше реакция білдірді. Кейбірі әншінің ойын қолдаса, енді бірі мұндай шектеулерге қарсы шықты.
«Орамал тағу – мұсылмандарға парыз», «Ұлттық құндылығымызға қайшы емес», «Заң тезірек қабылдансын», «Хиджабты не үшін киіп жүргенін өздері де білмейтіндер бар» – деген пікірлер жазылды пікір алаңында.
Айта кетейік, елімізде соңғы уақытта қоғамдық орындарда бетті толық жабатын киім үлгілеріне шектеу қою мәселесі жиі көтеріліп жүрген еді. Біраз наразылықтан соң елдің қауіпсіздігі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адамның жүзін жауып тұратын киім киюге ресми түрде тыйым салатын заңға қол қойды.
RUS