Елге Қорлан кейіпінде танылған актриса Құралай Анарбекова қалыңдық атанды (ФОТО)
Бірқатар комедиялық фильмдердің продюсері әрі актриса тұрмыс құрғалы жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова қалыңдық атанды. Сүйінші жаңалықты тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
«Бақыттың ерте-кеші жоқ. Құрбым, жақыным Құралай Анарбекова қалыңдық атанды. Ақжүрек, кең пейіл азаматың — сені алақанында аялап өтетініне сенемін! Бір-бірін ұзақ күтіп, жолықтырған құрдастарға мәңгілік махаббат тіледім!» — деп жазды журналист.
Желі қолданушылары Құралайды қуанышымен құттықтап, ақжарма тілектерін арнады. Пікірлерде:
«Құтты болсын, жерлесіміз! Құралай бақытты болсын!», «Сұлу қыздың бағы жансын!», «Менің жасым 44-те, Алла жазса, 5 шілдеде ұзату тойым болғалы жатыр. Әр адам бақытты болуға лайықты!» – деген тілектер жазылған.
Анарбекова жеке өмірін жария ете бермейтін өнер иелерінің қатарында. Сондықтан бұл жаңалық оқырмандар арасында жылы қабылданып, кеңінен талқыланып жатыр.
Материал авторы