«11 сынып оқушысы зорлады»: Ақтөбеде 15 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр

04.07.2025, 14:30
4260
«11 сынып оқушысы зорлады»: Ақтөбеде 15 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр марқұмның туыстары ұсынған сурет

9 сынып оқитын қыз оқу жылы аяқталар шақта өзіне қол жұмсады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 15 жастағы мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсағаннан кейін қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Марқұмның туыстары жасөспірімді суицидке итермелеген басты себеп — жыныстық зорлық пен ұзақ уақытқа созылған психологиялық қысым деп отыр.

Қайғылы оқиға биылғы жылдың 29 сәуірінде кешкі сағат 18:00 шамасында болған. Марқұм Лана Кожахмет өз үйінің ауласында өмірімен қоштасқан. Бұл туралы алғаш болып «НеМолчиKZ» қоры хабарлады.

«Зорлық көргенін айтса да, ешкім сенбейді деп ойлаған»

Марқұмның жақындарының айтуынша, қыз бірнеше ай бұрын өзінен бірнеше жас үлкен, 11-сыныпта оқыған жасөспіріммен қарым-қатынаста болған. Жақын таныстықтың барысында бойжеткен бірнеше мәрте жыныстық зорлық көрген. Бұл туралы Лананың құрбыларына жазған хаттарынан белгілі болған. Хабарламаларда ол болған оқиғадан күйзеліске түсіп, өзіне кінә тағып, ауыр эмоционалдық жағдайда жүргені анық байқалған.

«Ол ешкімге айтпады, бірақ жазбаша хаттарында өзін кінәлап, шарасыздықта болғанын жазған. Құрбыларына "ешкім сенбейді" деген. Жағдайдың ушығуына психологиялық қысым мен көпшілік алдында қорлау себеп болған», – делінген қор таратқан мәлімдемеде.

Марқұмның әпкесі Лаураның айтуынша, Лананың телефоны тергеушілерге тапсырылғанымен, әлі күнге дейін ашылып, толық зерттелмеген. Сараптама қыздың пәктігі бұзылғанын растаған. Алайда тергеу тек Қылмыстық кодекстің 105-бабы — «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша ғана жүріп жатыр.

«Біз тек суицид бабы емес, жыныстық зорлық (ҚК 120-бабы), қорлау, психологиялық қысым бойынша да іс қозғалуы керек деп есептейміз. Ол кәмелетке толмаған. Қыздың өмірінен алынған жазбаларда зорлық пен қорлаудың нақты белгілері бар», – дейді марқұмның туыстары.

Туыстары күдікті деп отырған жасөспірімнің тергеу барысында бостандықта жүргенін және оған ешқандай бұлтартпау шарасы қолданылмағанын сынға алды.

Полиция мен білім басқармасы не дейді?

Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл жайтқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын растады. Полиция барлық нұсқаларды қарастырып жатқанын және қажетті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы тексеріліп, куәгерлерден жауап алынуда. Тергеу нәтижесі бойынша заң аясында шешім қабылданады», – деді облыстық ПД өкілі.

Облыстық білім басқармасының дерегінше, марқұм №3 Мәртөк орта мектебінің 9-сыныбында оқыған және ешқандай психикалық не әлеуметтік есепте тұрмаған.

«Оқушының суициді бойынша шұғыл мобильді топ құрылып, мектепте психологиялық ахуал зерделенді. Қазіргі таңда қылмыстық іс тергеліп жатыр», – деп хабарлады басқарма.

Бұл оқиға қоғамда резонанс тудырып, көптеген азаматтар мен құқық қорғаушылар істің жан-жақты, әділ қаралуын талап етіп отыр.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады