Иттер талап тастаған баланың ісі: Оқиға орнынан видео пайда болды (ВИДЕО)

04.07.2025, 15:35
4307
Иттер талап тастаған баланың ісі: Оқиға орнынан видео пайда болды (ВИДЕО) бейнежазбадан

Алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдар ем қабылдайтын орталыққа балалар келген көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде Алматы облысында иттердің балаға шабуыл жасаған жерінен видео тарады. Кадрлар Instagram-дағы Inucobo жануарларды қорғау қауымдастығының парақшасында жарияланды. Бейнежазбаны қауымдастыққа иттердің иесі – кинолог Алмас Хамеев жариялаған.

Қауымдастықтың мәліметінше, Максим есімді бала досымен бірге адам тәуелділігінен емдейтін оңалту орталығының маңындағы қоршаудың жанында ұзақ ойнаған. Бұл орталықта алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдар ем қабылдайды. Сол аумақта кинолог Алмас Хамеев өз иттерін вольерде ұстап келген.

Видео сипаттамасында:

«Бұл күні аулада американдық булли тұқымдас жас иттер бос жүрген. Балалардың мұндай жердің жанында не істеп жүргені белгісіз. Ата-аналары ондай орталықтардан алшақ жүру керектігін үйретпей ме? Видео кадрларынан орталықтың тұрғын үйлерден қашықта орналасқаны байқалады. Иттер балаларға қарай үріп тұрғаны көрінеді», – делінген.

Кинолог Алмас Хамеевтің айтуынша, бейнебақылау камерасы көрші ғимаратта орнатылған. Бірақ иттердің балаға нақты шабуыл жасаған сәті жазбада жоқ. Дегенмен, видеодан баланың айқайы мен иттердің үргені анық естіледі.

Хамеев шабуыл стадионда емес, оңалту орталығының жеке аумағында болғанын айтады. Оның сөзінше, баланы сол жерге досы итеріп жіберген.

«Камера шабуыл болған аумақты түсірмейді. Егер бәрі стадионда болғанда, камераға айқай-шу жетпес еді. Ал бұл жазбада бәрі анық естіледі», – дейді кинолог.

Бұған дейін Хамеев оқиғаның өз нұсқасын айтып, балалар иттерді өздері арандатып, шу шығарғанын жеткізген. Ол иттер – ересек емес, 5-8 айлық күшіктер болғанын айтады: бірі – бельгиялық овчарка, екіншісі – американдық булли.

«Балалар қоршауға шығып, біреуі досын итеріп жіберді. Иттер ауладан сыртқа шыға алмайды», – деп сендірді Алмас Хамеев.

Орталық есірткі мен алкогольге тәуелді жандарды емдеумен айналысады. Кинолог Алмас Хамеев зардап шеккен балаға көмек ретінде дәрі-дәрмек пен ем-доммен қамтамасыз етуге дайын екенін, бірақ одан артық жауапкершілік алмайтынын мәлімдеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді