«Қарағандыдан алдап әкеткен»: Ақтауда қатыгез отбасы мүгедек жандарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген

04.07.2025, 18:35
6178
«Қарағандыдан алдап әкеткен»: Ақтауда қатыгез отбасы мүгедек жандарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген Freepik

50 жастағы әйел мен оның екі ұлы мүгедектігі бар жандарды қинап келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда мүгедек адамдарды заңсыз пайдалану дерегі бойынша үш адам — 50 жастағы әйел мен оның екі ұлы сот үкімімен жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтейтін болады.

Бас прокуратураның мәліметінше, 2023 жылдың қазанынан 2024 жылдың наурызына дейін аталған отбасы екі мүгедек ер адамды күштеп ұстап, оларды базарларда қайыр сұратуға мәжбүрлеген.

Жәбірленушілер бастапқыда Қарағандыдан алдап әкетіліп, Семей қаласында пайдаланыла бастаған. Кейін оларды Ақтауға көшіріп, күнделікті базарларда отырып, өтіп бара жатқан адамдардан ақша сұрауға итермелеген. Жиналған ақшаны туыстар толықтай өздеріне алып отырған.

Бірнеше ай бойы бұл азаматтар физикалық және психологиялық қысым көріп, қашуға тырысқан жағдайда қорқыту мен күш көрсетуге ұшыраған. Тек 2024 жылдың наурызында ғана жәбірленушілердің бірі полицияға хабар беріп үлгерген. Соның нәтижесінде бұл қылмыстық схема әшкереленіп, күдіктілер қолға түсті.

Бұл жағдай — елімізде мүгедек адамдарды қайыр сұрату мақсатында жүйелі түрде қанаудың тағы бір дәлелі. Бұған дейін Қарағандыда мүгедектер арбасына таңылған азаматты да бірнеше жыл бойы мәжбүрлі қайыршылыққа итермелегені үшін басқа бір отбасы сотқа тартылған. Тергеу дерегінше, оған психологиялық қысым көрсетіліп қана қоймай, кішкентай қызы да тартып алынған.

Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады Украинадағы соғыста балалар бұрынғыға қарағанда көп қырылып жатыр Белдікпен 1 сағат ұрған рэпер әйелімен сотта татуласты Атырауда өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің екеуі де көпбалалы отбасыдан шыққан Түркістанда өзеннен 27 жастағы әйелдің денесі табылды