SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында бір азамат өзінің 50 жылдық мерейтойын өзгеше стилде атап өтіп, әлеуметтік желі қолданушыларының қызу пікірталасына себеп болды. Туған күн иесі тойға перғауынның кейпінде арнаулы музыкалық сүйемелдеумен, зембілмен көтеріліп келген.
Той қонақтары да бұл кештің стиліне сай ерекше киімдер киіп, салтанатты түрде бас қосты. Кадрлардан көргендей, мерекенің әрбір сәті египеттік тақырыпқа сәйкес безендірілген.
Желіде тараған видеолар мен фотолардың астына жазылған пікірлер екіге жарылды. Бірі идеяның креативтілігі мен көңіл көтеру форматына риза болса, енді бірі «салт-дәстүрден алыстап кеттік», «қазаққа жат нәрсе» деген сын айтты.
«Осы қазақтар неге қуады? Күн өтіп кетті ма, не басқа бірденке болды ма?», «Сары Әулие ме деп қалдым, қазақ еліне не болған?», «Ұят мынау қазақтар», – деген сын пікірлер де бар.
Алайда, той иесін қорғаушылар да аз емес:
«Ағайындар, сіздерге не болған? Азамат 50-ге толып жатыр, бұған қанша адам жетпей жатыр?» «Елді таң қалдырғысы келген шығар, ерекше болғысы келген шығар. Сынамай, тілек айтпаймыз ба?» – деп жазды қолдаушылар.