Шенеуніктер миллиардтарды жымқырып, ШҚО-дағы ірі жобаны құрдымға жіберген

04.07.2025, 20:23
5654
Шенеуніктер миллиардтарды жымқырып, ШҚО-дағы ірі жобаны құрдымға жіберген SMARTNEWS.KZ коллажы

Өскемен мен Семей қалалары неге әлі «қараңғы» екені түсінікті болды. Көше шамдарын ауыстыруға бөлінген ақша талан-таражға түскен боп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскемен қаласындағы №2 қалалық сотта Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының басшысы мен оның екі әріптесіне қатысты атышулы қылмыстық іс қаралды.

Сот материалдарына сәйкес, шенеуніктер Өскемен мен Семей қалаларында көше шамдарын жаңарту жобасы аясында мемлекет қаржысын жымқырған.

Тергеу анықтағандай, басшы мен екі қызметкер сапасыз шамдар сатып алып, жалған құжаттар жасап, 2,6 миллиард теңгеден астам қаржыны ұрлаған. Ақшаның бір бөлігі мердігер компанияға шамадан тыс бағада аударылған, ал қалғаны жалған актілер арқылы қалталарға түскен.

Іс бойынша бір күдікті кінәсін толық мойындап, тергеуге көмектескен.

Сот үкімімен:

– Екі сотталушы 8 жылға,

– Біреуі 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

– Үшеуі де мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Сондай-ақ сотталушылардың мүлкі тәркіленді. Одан бөлек:

– Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының 333 миллион теңге көлеміндегі азаматтық талабы толық қанағаттандырылды.

– Ал жымқырылған қалған 2,2 миллиард теңге бойынша талап азаматтық сотта жеке қаралады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады Украинадағы соғыста балалар бұрынғыға қарағанда көп қырылып жатыр Белдікпен 1 сағат ұрған рэпер әйелімен сотта татуласты Атырауда өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің екеуі де көпбалалы отбасыдан шыққан Түркістанда өзеннен 27 жастағы әйелдің денесі табылды Армения Ресейге ресми наразылық нотасын жолдады: Ереван «ішкі істерге өрескел араласу» деп бағалады