Былтыр күзде жоғалып кеткен қыздың мәйіті Жайықтың жағасынан табылды

05.07.2025, 10:50
4145
Былтыр күзде жоғалып кеткен қыздың мәйіті Жайықтың жағасынан табылды azh.kz

Енді ең болмағанда жер қойнына тапсыра аламын дейді анасы...

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында 2024 жылдың қазан айынан бері із-түзсіз жоғалған Яна Легкодимованың денесі табылды. Бұл туралы АқЖайық басылымы хабарлайды.

Тергеу деректеріне сүйенсек, Яна 2024 жылдың 18 қазанында танысынан қоңырау алғаннан кейін үйінен шығып кеткен. Жақын арада қайтамын деп ойлаған болуы керек — сырт киімін де алмаған. Кейін оны сол танысының автокөлігінде соңғы рет көрген. Сол сәттен бастап Яна ізім-ғайым жоғалып кетті. Анасынан жасырын кетіп қалғанына күмәнданған анасы іссапардан шұғыл оралып, қызының заттарының орнында тұрғанын көріп, полицияға жүгінген.

Құқық қорғау органдары күдіктілерді Янаның жеке күнделігінің арқасында анықтаған. Жазбалардың бірінде "Р." есімді адам аталған. Осыдан кейін 24 жастағы Р. және оның 25 жастағы сыбайласы ұсталды. Тергеу кезінде олар қызды тұншықтырып өлтіріп, денесін Талдықұдық ауылы маңындағы Жайық өзеніне тастағандарын мойындаған. Қылмыстың нақты себебі әзірге жарияланған жоқ.

Күдіктілердің мойындауынан кейін ауқымды іздеу жұмыстары басталды. Іздеу тобы өзен жағалауын, түбін, қамысты және батпақты аумақтарды толық тексерді. Операцияға сүңгуірлер, кинологтар, дрондар мен эхолокаторлар тартылды. Алайда қазаннан желтоқсанға дейін нәтиже бермеген соң, өзеннің қатып қалуына байланысты іздеу тоқтатылған.

2025 жылдың көктемінде іздеу қайта жанданды. Мыңдаған шаршы метр жер тексерілгенімен, нәтиже болмады. Тек маусым айының соңында бойжеткеннің денесі табылғаны белгілі болды. Сараптама оның Яна Легкодимова екенін растады.

Марқұмның анасы Галина Легкодимованың айтуынша, қызының денесі 20 маусымда табылған.

— Енді ең болмағанда жер қойнына тапсыра аламын. Маған денесін берген бойда оны туған жері — Орал маңындағы Чапаевқа апарамын. Бұл қайғы ешқашан кетпейді. Бірақ енді бір нақты нүкте бар. Ең бастысы — кінәлілер жауапқа тартылуы тиіс, — дейді анасы.

«Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады Украинадағы соғыста балалар бұрынғыға қарағанда көп қырылып жатыр Белдікпен 1 сағат ұрған рэпер әйелімен сотта татуласты Атырауда өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің екеуі де көпбалалы отбасыдан шыққан Түркістанда өзеннен 27 жастағы әйелдің денесі табылды Армения Ресейге ресми наразылық нотасын жолдады: Ереван «ішкі істерге өрескел араласу» деп бағалады Былтыр күзде жоғалып кеткен қыздың мәйіті Жайықтың жағасынан табылды