Атырауда өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің екеуі де көпбалалы отбасыдан шыққан

05.07.2025, 12:32
4740
Атырауда өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің екеуі де көпбалалы отбасыдан шыққан bodnarchuk / Getty Images

2009 және 2010 жылғы балалар бір мектепте оқыған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда небәрі екі күннің ішінде екі оқушы суицид жасады. Екеуі де бір мектептің оқушылары болғаны белгілі болды. Қайғылы жағдайлар қала жұртшылығын дүр сілкіндірді.

Мектеп директоры Айғаным Махметованың айтуынша, көз жұмған оқушылардың бірі — жуырда ғана 9-сыныпты тәмамдап, аттестат алған ұл бала. Алда оқуды жалғастыруды жоспарлаған.

— Ол өте ашық, мейірімді бала еді. Көпбалалы отбасындағы үшінші бала. Ата-анасына жақын жүретін, үлкендерді құрметтейтін, достарының ортасында көңілді жүретін. Әрқашан күліп жүретін, мектепте тәртіп бұзған емес, — дейді директор.

Екінші марқұм — 10-сыныпта оқыған қыз бала. Ол да тек жақсы қырынан танылған.

— Ол үздік оқушы болатын. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын. Көпбалалы отбасынан шыққан. Жауапкершілігі жоғары, мақсатшыл, тәрбиелі, мейірімді еді. Қазірге дейін не себеп болғанын түсіне алмай отырмыз. Бұл — бүкіл мектеп үшін орны толмас ауыр қайғы. Біз өте жақсы балалардан айырылдық, — деді Айғаным Махметова көзіне жас алып.

Қайтыс болған оқушылар жазғы демалыста болған. Мұғалімдердің айтуынша, оқу жылы барысында мектепте жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында түрлі шаралар өткізілген: психологтармен кездесулер, ата-аналар жиналысы, арнайы тәрбие сағаттары ұйымдастырылып отырған.

Қазіргі таңда аталған оқиғалар бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды