Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген

05.07.2025, 17:50
5526
Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Freepik

Полицейдің үстінен шағымданған азамат өзі темекі тұқылын тастаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында жерге темекі тұқылын тастаған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Алайда ер адам бұл шешіммен келіспей, полицияға қарсы сотқа шағым түсірді, алайда сот оны қанағаттандырған жоқ. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға Третий шағынауданындағы дүкен маңында болған. Ер адам жерге темекі қалдығын тастағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі ("Қоғамдық орындарды қайта ластау") бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Азамат өз кінәсін мойындамай, темекі тұқылын қоқыс жәшігіне тастағанын айтқан. Алайда сотта ұсынылған бейнематериалдар, фотосуреттер және куәгердің сөзі оның кінәсін дәлелдеді.

Сондай-ақ сот оның бұған дейін де дәл осы баппен жауапқа тартылғанын ескерген.

Нәтижесінде шағым қанағаттандырылмады, азаматқа 78 640 теңге көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды