Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды
Күдікті қылмысқа дайындалып, алдын ала келісілген жерден қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны алып кеткен.
SMARTNEWS.KZ мәліметінше, Ресейдің Дағыстан Республикасындағы Буйнакск қаласында Ішкі істер министрлігі ғимаратына қолдан жасалған жарылғыш құрылғы орнатып, теракт жасауды көздеген жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Дағыстанда теракт ұйымдастыруды көздеген жасөспірім ұсталды. Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің өңірлік басқармасы 6 шілдеде хабарлады.
Тергеушілердің айтуынша, күдікті қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны алдын ала дайындап, шабуылға қамданған. Алайда құқық қорғаушылар оның жоспарын дер кезінде әшкерелеп, қылмыстың алдын алды. Жасөспірімге «Террорлық акт жасауға оқталу» бабы бойынша іс қозғалды.