«Халық боп күткен сәби»: Белгілі блогер Елдос Колобок әке атанбақ (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
08.07.2025, 11:00
957
«Халық боп күткен сәби»: Белгілі блогер Елдос Колобок әке атанбақ (ВИДЕО) бейнежазбадан

Отау құрғандарына 10 жылдан астам уақыт өткен жұп гендер пати өткізіп, сәбидің жынысын анықтады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі блогер Елдос Қадырханов, яғни көпшілікке «Елдос Колобок» деген атымен танымал, отбасындағы көптен күткен қуанышты сәтпен бөлісті. Ол жұбайымен бірге алғашқы сәбилерін күтіп жүргенін жариялап, арнайы гендер пати ұйымдастырды.

Блогер осы қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде бөлісіп, ұл бала күтіп жүргенін жеткізді. Видеодан ерлі-зайыптының бұл сәтте көз жасына ерік бергенін көруге болады. Елдос бұл күнге жету оңай болмағанын, тоғыз жыл бойы сәби сүю жолында бірнеше ота жасатып, көптеген қиындықтан өткенін бұған дейін ашық айтып келген.

«Сүйінші, қазақ елі! Аллаға шүкір, жеттік осы күнге. Балапан, біз сені күтеміз», – деп жазды блогер желіде жариялаған видеосының астына.

Олардың бұл қуанышын көрген желі қолданушылары да шын жүректен құттықтап, жаппай ізгі тілектерін жаудырып жатыр. Көпшілік Елдос пен жарының төзімділігі мен табандылығына тәнті болып, бұл жаңалықты өздерінің де жанын тебіренткен ерекше сәт ретінде бағалауда.

«Еріксіз жас келді! Аман-есен дүниеге келіп, несібесін арттыра берсін», «Алланың қалауы, үлкендердің батасы, дәрігерлердің біліктілігі, көптің қолдауы», «Көптің тілегі қабыл болады деген осы ма ағайын?», «Ооо, керемет жаңалық! Қуаныштан жылап жібердім ғой! Күтіп, тілеп жүр едім!», – деген сынды пікірлер желіде көбейіп жатыр.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады