Келіншек күйеуінің көзіне тас лақтырамын деп сотталып кетті

Аиса Махамбет Редактор
08.07.2025, 13:23
731
Келіншек күйеуінің көзіне тас лақтырамын деп сотталып кетті Jānis Skaldis / Dreamstime.com

Жәбірленуші ер адам бұрынғы әйелін опасыздық жасады деп айыптады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанның Самарқанд облысындағы Каттакурган ауданында 32 жастағы әйел отбасылық жанжал кезінде күйеуінің көзіне тас лақтырып, оның денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Podrobno.uz басылымы хабарлады.

Оқиға биыл 11 қаңтарда Чарогон елдімекенінде болған. Әйел бұрын бірге тұрған күйеуінің үйіне өз заттарын алу үшін келген. Сол кезде екеуінің арасында жанжал шығып, ашу үстінде әйел күйеуінің бетіне тас лақтырып жібереді. Тас оның сол көзіне тиіп, ауыр жарақат келтірген. Ер адамның көру қабілеті күрт нашарлап, жалпы еңбекке жарамдылығы 35%-ға төмендеген.

Сот процесі 3 шілдеде өтті. Әйел өз кінәсін толық мойындап, күйеуінің ішімдікке салынғанын, жиі жанжал шығаратынын, бірақ үш баласы үшін ажырасқысы келмегенін айтты.

Ал зардап шеккен ер адам бұрынғы әйелін опасыздық жасады деп айыптап, оның үйден өз бетінше кетіп қалғанын мәлімдеді. Сонымен бірге, бірнеше рет ажырасуға арыз бергенімен, әйел қарсы болғанын айтып, кешірім сұрамағанын және соттан заң шеңберінде шара қолдануды өтінді.

Сот әйелді отбасылық зорлық-зомбылық бабымен кінәлі деп танып, 4 жылға соттады. Тергеу кезінде үйқамақта отырған уақыты (9 сәуір – 3 шілде) ескеріліп, жазасының нақты мерзімі 3 жыл 9 ай 4 күн болып бекітілді. Ол жазасын колонияда өтейді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды